18 сағат бұрын
Закир Найманбаев бүгін «Жазалаушымен» күш сынасады
30 шілдеден 31 шілдеге қараған түні қазақстандық спортшы Закир Найманбаев Сербияның Белград қаласында өтетін Power Slap 22 турнирінде канадалық Райан Кеннимен, лақап аты «Жазалаушы», күш сынасады.
Найманбаев пен Кенни арасындағы жекпе-жек ерте прелим кезеңінде өтеді. Кездесудің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 23:00-де басталады.
Қазіргі таңда Закир Найманбаев Power Slap ұйымының ауыр салмақтағы рейтингінде екінші орында тұр. Ал Райан Кенни бұл дивизионның үздік ондығына кірмейді.
Айта кетейік, Найманбаев соңғы жекпе-жегін 16 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Power Slap 18 турнирінде өткізіп, америкалық Уэс Менаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.
Ал Райан Кенни соңғы рет өткен жылдың қазан айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ұйымдастырылған Power Slap 17 турнирінде америкалық Брайс Джонсты екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан