Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18 сағат бұрын

Қазақстан әлем чемпионатындағы тарихи алтын үшін қанша сыйақы төлейді?

Қазақстан әлем чемпионатындағы тарихи алтын үшін қанша сыйақы төлейді?

Гонконгте өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алған қазақстандық семсерлесушілер қомақты ақшалай сыйақы алады.

Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионы атанған спортшылар – Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олимпиадалық спорт түрінен әлем чемпионы атанған әрбір спортшыға 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Осылайша, мемлекет тарапынан төрт спортшыға төленетін жалпы сыйақы 60 мың АҚШ долларын құрайды.

Сонымен қатар, чемпиондарды дайындаған жаттықтырушыларға 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем чемпионатының алтын медалін тарихта алғаш рет жеңіп алды. Бұған дейін ұлттық құраманың осы жарыстағы ең үздік нәтижесі 2025 жылы еншілеген қола жүлде болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан