Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Чемпион «Каспий» қаржы тапшылығына байланысты ел біріншілігіне қатыспайды

Чемпион «Каспий» қаржы тапшылығына байланысты ел біріншілігіне қатыспайды

Ақтаудың «Каспий» баскетбол клубы 2026/27 жылғы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпейтінін мәлімдеді. Клуб мұндай шешімді қаржыландырудың тоқтауы мен бюджет тапшылығына байланысты қабылдаған.

“Өкінішке қарай, “Каспий” БК 2026/27 жылғы Қазақстан чемпионатына қатыса алмайтынын хабарлауға мәжбүр. Бұл шешім ерлер, әйелдер, сондай-ақ U15 және U21 фарм-командаларына қатысты. Қалыптасқан жағдай қаржыландырудың болмауы мен клуб бюджетіндегі тапшылыққа байланысты”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, «Каспий» биыл Қазақстан чемпионатының финалында «Астананы» жеңіп, тарихында алғаш рет ел чемпионы атанған еді. Енді ақтаулық команда келесі маусымда титулын қорғай алмайды.

Клуб басшылығы қазіргі таңда қосымша қаржы көздерін іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан