7 сағат бұрын
Таеквондоны зерттеу және дамыту орталығы таныстырылды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аясында елімізге келген Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы спорт саласының басшыларына Қазақ ұлттық спорт университетіндегі Таеквондоны зерттеу және дамыту орталығы таныстырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының бас хатшысы Арал Садыков меймандарды жылы қарсы алып, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ Федерацияның вице-президенті Айзат Қарашашев қонақтарға виртуалды таеквондоның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы кеңінен таныстырды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан