Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық бессайысшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстандық бессайысшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Литваның Каунас қаласында өткен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жарысты аяқтады.

Жекелей сында Тамирлан Төлегенов пен Берік Хамза іріктеу мен жартылай финалдан өтіп, финалға жолдама алды. Қорытындысында Төлегенов 23-орынға, ал Хамза 25-орынға тұрақтады.

Ерлер эстафетасында Берік Хамза мен Тамирлан Төлегеновтен құралған қазақстандық жұп алтыншы орын алып, үздік ондыққа енді. Қыздар эстафетасында Яна Беспалова мен Сабина Ахмедина 12-орынды иеленсе, аралас эстафетада Беспалова мен Төлегенов 13-орынға жайғасты.

Командалық есепте ерлер құрамасы — Берік Хамза, Тамирлан Төлегенов және Нұрғали Өмірсерік сегізінші орын алды. Ал әйелдер құрамасы — Яна Беспалова, Сабина Ахмедина және Диана Гренц жарысты 14-орынмен аяқтады.



Біздің серіктес: Sport12kz