Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионы мәртебесінде елге оралды

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионы мәртебесінде елге оралды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің атынан ұлттық құраманы Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қарсы алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Ол спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын тарихи жетістікпен құттықтап, бұл жеңіс семсерлесуді жүйелі дамытуға бағытталған жұмыстың, спортшылар мен бапкерлердің жоғары кәсібилігінің, сондай-ақ мемлекет пен ұлттық федерация арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесі екенін атап өтті.

Гонконг қаласында өткен әлем чемпионатында Ерлік Сертай, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов бастаған Қазақстан құрамасы турнир барысында Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36), Мысырды (41:32) жеңіп, финалда Украина құрамасын 45:40 есебімен тізе бүктіріп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Бұл тарихи жеңіс – отандық семсерлесу мектебінің кезең-кезеңімен дамуының заңды нәтижесі. Соңғы жылдары дәл осы құрам халықаралық жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Қазақстандық шпагашылар 2023 жылы Ыстанбұлдағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, 2025 жылы Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Биыл Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында да топ жарды. Сонымен қатар өткен жылы әлем чемпионатында Франция құрамасын жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте Швейцария мен Франциядан кейінгі үшінші орынға көтерілді.

Құраманың дайындығында жаттықтырушылар штабын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыс маңызды рөл атқарды. Ұлттық құраманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан семсерлесу федерациясы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен әлемдік семсерлесудегі беделді мамандардың бірі – украиналық бапкер Александр Горбачукті арнайы шақырды. Ол Жапония құрамасымен жұмыс істеген жылдары Олимпиада чемпиондарын даярлауға елеулі үлес қосты.

Осындай деңгейдегі маманды тарту заманауи дайындық әдістемелерін енгізуге, оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыруға және Қазақстан құрамасының әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі тарихи жетістік олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың кешенді тәсілінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл бағыт спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруді, жаттықтырушылар құрамын күшейтуді және халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасауды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманы, жаттықтырушылар штабын, Қазақстан семсерлесу федерациясын және барша қазақстандықтарды семсерлесуден әлем чемпионатындағы тұңғыш тарихи жеңіспен құттықтайды.


Біздің серіктес: Sport12kz