19 сағат бұрын
Алуа Нұрман әлемдік рейтингте ТОП-3 қатарында
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 1 тамызда жасөспірім қыздар арасындағы әлемнің үздік 100 шахматшысының жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстандық Алуа Нұрман 2442 рейтингтік ұпаймен үшінші орнын сақтап қалды. Екінші орында 2443 ұпаймен ресейлік Анна Шухман тұрса, көш басында 2465 ұпай жинаған украиналық Анастасия Гнатышин орналасқан.
Осылайша, Алуа Нұрманды екінші орыннан небәрі бір ұпай ғана бөліп тұр. Ал рейтинг көшбасшысынан 23 ұпайға қалып келеді.
Жаңартылған әлемдік рейтингтің үздік 100 тізіміне Қазақстанның тағы төрт шахматшысы енді. Амина Қайырбекова 13-орында (2353 ұпай), Эльназ Қалиахмет 22-орында (2304 ұпай), Зарина Нұрғалиева 23-орында (2302 ұпай), ал Мария Холявко 60-сатыға (2217 ұпай) жайғасты.
Осылайша, Қазақстан әлемнің ең үздік 100 жас шахматшы қызының рейтингінде бес өкілмен ұсынылып отыр. Ал Алуа Нұрман елдегі көшбасшы мәртебесін сақтап, ФИДЕ рейтингінің үздік үштігіндегі орнын қорғап қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz