Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздіктер қатарында

Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздіктер қатарында

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман FIDE жаңартқан әлемдік рейтингте үздік үштіктегі орнын сақтап қалды.

19 жастағы шахматшымыз жасөспірім қыздар арасындағы әлемнің үздік 100 шахматшысы тізімінде 2442 ұпаймен үшінші орында келеді. Алуа екінші орында тұрған ресейлік Анна Шухманнан бір ғана ұпаймен қалып тұр. Ал рейтингтің көшін украиналық Анастасия Гнатышин бастап тұр.

Алуа Нұрман биыл бірнеше ірі жарыста жүлдеге ілікті. Маусым айында Гонконгте өткен командалық әлем чемпионатында рапидтен жеке есепте жеңімпаз атанса, блицте күміс жүлдеге қол жеткізген. Сонымен қатар қазақстандық шахматшы Токиода ұйымдастырылған элиталық турнирде екінші орын еншілеген.

Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева мен Дивья Дешмухтың тағы бір турнирде өзара мықтыны анықтайтыны белгілі болған еді.


Біздің серіктес: Sport12kz