14 сағат бұрын
Астанадағы «Болашақ ойындарын» 8 мыңнан астам адам тамашалады
Астанада Games of the Future 2026 халықаралық турнирі өтіп жатыр. 29 шілдеде басталған додаға алғашқы бес күнде 8 мыңнан астам көрермен келген.
Жарыс барысында спортшылар фиджитал футбол, баскетбол, хоккей, бокс, жекпе-жек, киберспорт және дрон жарысы секілді бағыттарда бақ сынап жатыр.
«Болашақ ойындарының» ерекшелігі – жарыстардың виртуалды және нақты спорт алаңдарында қатар өтуі болып отыр.
Турнир Астанада 9 тамызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz