03.08.2026
Астанадағы «Болашақ ойындары» рекорд жаңартуға жақын
Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің алғашқы төрт күніндегі трансляциялар 85 миллионнан астам қаралым жинады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қазіргі қарқын сақталса, жарыс соңына дейін жалпы аудитория 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін.
Биыл турнирдің медиасеріктестері 27-ден 54-ке, ал трансляция жүргізетін стримерлер саны 58-ден 120-ға артқан. Жарыс 16-дан астам тілде көрсетіліп жатыр.
«Болашақ ойындары – 2026» 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz