Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

ҚР Ұлттық құрамасының ресми киім жиынтығы сатылмайды - министрлік жауап берді

ҚР Ұлттық құрамасының ресми киім жиынтығы сатылмайды - министрлік жауап берді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы ұлттық командасының нышандары салынған спорт киімдері сатылып жатқан бейнематериалдардың таралуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Осы хабарлама арқылы «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК өз мүддесін қорғау, мемлекеттік ұйымдарға контрафакті өнімді бюджет қаражатына сатып алу немесе оны жеткізу тәуекелдерін болдырмау мақсатында хабарлайды.

​Under Armour брендінің ақпараты бойынша, ҚР Ұлттық командасының ресми киім жиынтығы қазіргі уақытта дайын түрде өндірілмейді және сатылымға шығарылмайды. Ал Under Armour ресми дүкендерінде тек брендтің түпнұсқа өнімдері ғана бар.

​Демек желіде ҚР Ұлттық құрамасының ресми киімі ретінде көрсетілген өнімдер Under Armour компаниясының ресми экипировкасы емес. Сондай-ақ мұндай жиынтықтардың түпнұсқа өнім құнынан едәуір ерекшеленетін бағамен сатылуы олардың сапасы мен түпнұсқалығына деген күмән тудырады.

​Азаматтарды сақтық танытуға және шығу тегі белгісіз тауарларды сатып алудан аулақ болу үшін спорт киімдерін тек Under Armour ресми дүкендерінен алуға шақырамыз.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК аталған өнімнің тауар белгісінің құқық иеленушісі, өндірушісі немесе сатушысы емес. Сонымен қатар нарықтағы үшінші тарап сататын тауарға баға беруге өкілетті емес.

​Өнімнің түпнұсқалығына немесе зияткерлік меншік құқығын қорғауға байланысты сұрақ туындаған жағдайда, оларды шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық иеленушінің және басқа да өкілетті органдардың құзыретіне жатады.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК өндірушіге өзінің ерекше құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ тауар белгісі мен өнеркәсіптік үлгінің тіркелген-тіркелмегенін тексеруді талап етіп ресми хат жолдайды. Контрафакт белгілері анықталған жағдайда тиіс ақпарат әділет және құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында 49 медаль алды.


Біздің серіктес: Sport12kz