6 сағат бұрын
Қазақстан академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатына қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
6 тамызда Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды.
Отандастарымыз ерлер арасындағы жұптық сайыста өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады.
Ертең, 5 тамызда, АҚШ-тың Орегон штатында жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионаты басталады
Біздің серіктес: Sport12kz