Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне жетті

Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан U16 жасөспірімдер арасындағы су добынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық ватерполшылар тартысты өткен кездесуде Сингапур құрамасын пенальти сериясында 16:15 есебімен жеңді. Негізгі уақыт тең аяқталып, жеңімпаз матчтан кейінгі пенальтилерде анықталды.

Кездесудің үздік ойыншысы болып Ернар Тілекқабыл танылды.

Еске салайық, турнирдің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Енді қазақстандықтар 5 тамызда Уругвай құрамасына қарсы ойнайды.



Біздің серіктес: Sport12kz