Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

16 сағат бұрын

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та 17 медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та 17 медаль жеңіп алды

АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық жүзу турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 17 медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар жарысты 13 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен аяқтады.

София Абубакирова 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион атанып, 50 метрге шалқалай жүзуде қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ ол 4х50 және 4х100 метрлік еркін стильдегі, сондай-ақ 4х50 метрлік аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алды.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде топ жарды. Ол 200 метрлік қашықтықта күміс, 50 метрде қола жүлде иеленді. Сонымен қатар спортшы үш эстафетада алтын медаль еншіледі.

Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуде жеңімпаз атанып, екі эстафетада да алтын жүлде жеңіп алды.

Ал Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляйда күміс медальға қол жеткізіп, екі эстафетада чемпион атанды.



Біздің серіктес: Sport12kz