Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14 сағат бұрын

Қайрат Боранбаев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Қайрат Боранбаев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) Атқарушы кеңесінің мүшесі атанды.

Бұл шешім 3 тамызда өткен федерацияның Атқарушы кеңесі отырысында қабылданды.

IBSA көру қабілеті бұзылған спортшылардың спортпен айналысуына жағдай жасап, халықаралық жарыстарды өткізумен айналысады. Федерацияға әлемнің 100-ден астам елінен ұлттық комитеттер мен спорт ұйымдары кіреді. Оның жұмысы паралимпиадалық спортты дамытуға және мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған жобаларды қолдауға бағытталған.

Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қайрат Боранбаевтың федерацияның Атқарушы кеңесіне кіруі Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл көру қабілеті бұзылған спортшыларды қолдауға бағытталған жобаларды дамытуға және елдің паралимпиадалық спорттағы ықпалын арттыруға жол ашады.

Қайрат Боранбаев Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетін басқарады. Ол сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының негізгі акционері.


Біздің серіктес: Sport12kz