12 сағат бұрын
Астанада балалар арасында пара жүзуден «Samruk Alaman» турнирі өтеді
6–7 тамыз күндері Астанада пара жүзуден балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Samruk Alaman» республикалық турнир өтеді.
Жарысты Қазақстан пара жүзу федерациясы ұйымдастырып отыр. Спорттық шараға «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау көрсетеді.
Елордадағы додаға 7–14 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті бұзылған, сондай-ақ зияткерлік даму ерекшеліктері бар балалар қатысады.
Жас спортшылар 25 және 50 метр қашықтықта еркін жүзу, брасс, баттерфляй және шалқалап жүзу бойынша бақ сынайды.
Турнирдің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында пара жүзуді кеңінен насихаттап, мүмкіндігі шектеулі спортшыларды дене шынықтыруға және тұрақты жаттығуға тарту.
Сонымен қатар жарыс барысында болашағы бар жас спортшыларды анықтап, олардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беріледі.
Айтв кетейік, «Samruk Alaman» жобасы бұған дейін де еліміздің бірнеше өңірінде ұйымдастырылған. Жобаның алғашқы кезеңдері Қызылорда, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Алматы облысының Әйтей, Ақмола облысының Қажымұқан және Маңғыстау облысының Дәулет ауылдарында волейбол, үстел теннисі, дзюдо, футбол және футзалдан өткен.
Біздің серіктес: Sport12kz