Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та 17 медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та 17 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы АҚШ-та өткен халықаралық жүзу жарысын жүлделі нәтижемен аяқтады. Гринсбородағы турнирде ел спортшылары 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Жарыста бірнеше қазақстандық жүзуші жеке қашықтықтармен қатар эстафетада да үздіктер қатарынан көрінді.

София Абубакирова 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бірінші келді. Ол шалқалай жүзуден 50 метрлік сайыста үшінші орын алды. Спортшы үш эстафетада да жеңіске жеткен команданың құрамында болды.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион атанды. Ол 200 метрлік қашықтықта күміс, ал 50 метрде қола жүлде еншіледі. Бұған қоса, үш эстафеталық жарыста алтын медальға қол жеткізді.

Ал Егор Попов 100 метрге еркін стильде қарсыластарынан озып шықты. Бұған қоса ол тағы екі эстафетада жеңімпаз атанды.

Тағы бір жерлесіміз Ришат Жумагуловтың еншісінде 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлде бар. Ол сондай-ақ екі эстафеталық сайыста алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан өкілдері Гринсбородағы халықаралық турнирден жалпы 17 медальмен оралды.


Біздің серіктес: Sport12kz