Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстандық таевондошылар Индонезияда екі қола алды

Қазақстандық таевондошылар Индонезияда екі қола алды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Индонезия астанасында өтіп жатқан 8th Asian Taekwondo Indonesia Open Championships G-2 турнирінде отандастарымыз Баходир Шапулатов пен Жасурбек Исроилов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Баходир 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түссе, Жасурбек 63 келідегі үздіктер қатарынан көрінді.

Айта кетейік, күні кеше дәл осы додада отандастарымыз Абдурахман Марипов пен Нұрқанат Қожахмет жүлдегер атанған еді.

Осылайша ел таеквондошылары Индонезия астанасы Джакартадан төрт жүлдені қанжығалап қайтты.


Біздің серіктес: Sport12kz