Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысады

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысады

Фото: gov.kz

Дүниежүзілік 46-шы шахмат олимпиадасына қатысатын командалардың құрамдары жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыс 15–27 қыркүйек аралығында Самарқандта өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші бастапқы нөмірді иеленіп, медальға үміткерлердің негізгі тобына енді.

Қазақстан намысын гроссмейстер Бибісара Асаубаева, халықаралық шеберлер Алуа Нұрман мен Меруерт Қамалиденова, әйелдер арасындағы халықаралық шеберлер Елнәз Қалиахмет пен Зарина Нұрғалиева қорғайды. Команда капитаны – гроссмейстер Павел Коцур. Қазақстан құрамасының орташа рейтингі – 2421. Бастапқы тізімде Қазақстаннан жоғарыда Үндістан, Грузия және Қытай орналасқан. Одан кейін АҚШ пен Украина құрамалары тұр.

Өткен 2024 жылғы Будапештегі Олимпиадада Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды – тарихта алғаш рет шахмат олимпиадасының медалін жеңіп алды. Жеңімпаздардан бір ғана командалық ұпайға қалып қойған еді.

Құраманың көшбасшысы – Бибісара Асаубаева. Биыл қазақстандық спортшы Norway Chess Women турнирін жеңіп, әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер турнирінде екінші орынға ие болды.

Open турнирінде Қазақстан құрамасы стартовый тізімде 34-орында тұр. Ашық турнирде бірінші нөмірмен АҚШ құрамасы, одан кейін Үндістан және жарыс иелері – Өзбекстан орналасқан. Қазақстан командасының орташа рейтингі – 2516, капитаны – гроссмейстер Әнуар Исмағамбетов. Құрамда гроссмейстерлер Денис Махнёв пен Алдияр Ансат, халықаралық шеберлер Жандос Ағманов (гроссмейстер атағын бекітуді күтуде), Даниял Сәпенов және Сауат Нұрғалиев ойнайды.

Самарқандтағы Олимпиадаға қатысуын 400 құрама растады: 208-і Open турнирінде, 192-сі әйелдер турнирінде. Ашылу салтанаты 15 қыркүйекте өтеді, ал 16 қыркүйектен бастап қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойнайды.



Біздің серіктес: Sport12kz