5 сағат бұрын
Қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде топ жарды
Қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінде Phygital Shooter CS2 сайысында жеңімпаз атанды.
Финалда отандастарымыз Liga Pro Team командасымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.
Алғашқы карта — Dust2 — Team KZ пайдасына 13:1 есебімен аяқталды. Екінші картада Liga Pro Team дәл осындай есеппен жеңіске жетті. Ал шешуші Nuke картасында қазақстандық команда 13:9 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Осылайша Team KZ жарыстың алтын жүлдесін иеленді. Екінші орын Liga Pro Team командасына бұйырса, Minsk House қола жүлдені еншіледі.
Қазақстандық команда чемпиондықпен бірге 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге ие болды. Ал осы дисциплинаның жалпы жүлде қоры 150 мың долларды құрады.
Біздің серіктес: Sport12kz