10 сағат бұрын
Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында бір күнде екі жүлде жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қос жүлдеге қол жеткізді.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт қоссайыста 281 келі көтерді. Оның нәтижесі жұлқа көтеруде – 129 келі, серпе көтеруде 152 келі болды.
Бұл нәтиже Бейбарыс Ерсейітке жастар арасындағы бәсекеде алтын медаль сыйлады. Ал жасөспірімдер арасында ол қола жүлдеге ие болды.
Жасөспірімдер санатында қазақстандық спортшыдан үндістандық Махараджан Арумугапандиан мен вьетнамдық Хоанг Санг Тхач ғана жоғары нәтиже көрсетті. Олар сәйкесінше 285 және 291 келі көтерді.
Сонымен қатар Бейбарыс Ерсейіт жастар арасындағы қоссайыста 281 келі көтеріп, Азия рекордын жаңартты.
Бейбарыс Ерсейіт 2009 жылғы 26 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген.
Айта кетейік, Бейбарыс Ерсейіттің 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (61 кг). Ал 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері (65 кг). Ол бұған қоса Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Біздің серіктес: Sport12kz