5 сағат бұрын
KNUS әлем чемпионатының жүлдесіне таласады
Алматыда өтіп жатқан университеттер арасындағы шахматтан командалық әлем чемпионатында Қазақстанның Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) қола медаль үшін таласады.
Жартылай финалда қазақстандық команда Ural State Mining University университетімен кездесті. Алғашқы матч 2:2 есебімен аяқталса, қарымта ойында ресейлік университет 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, екі кездесудің қорытындысы бойынша қарсылас 5:3 есебімен финалға жолдама алды.
Екінші жартылай финалда америкалық Saint Louis University екі ойында да University of Texas at Dallas командасынан басым түсті — 3,5:0,5 және 3:1.
Финалда Saint Louis University Ural State Mining University-мен кездеседі. Ал KNUS қола медаль үшін University of Texas at Dallas командасына қарсы ойнайды.
Шешуші кездесулер 9 тамызда өтеді.
Айта кетейік, FIDE ұйымдастырған университеттер арасындағы командалық әлем чемпионаты алғаш рет өткізіліп отыр. Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың еуроны құрайды. Чемпионға 25 мың, күміс жүлдегерге 15 мың, ал қола жүлдегерге 10 мың еуро беріледі.
Біздің серіктес: Sport12kz