Матч орталығы
Бірінші дивизион Футбол Мосс Мосс 22:00 Бүгін Одд Одд Суперэттан Футбол Норрбю Норрбю 22:00 Бүгін Эребру Эребру Бірінші дивизион Футбол Йонг АЗ Йонг АЗ 23:00 Бүгін Эйндховен Эйндховен Примера B Насьональ Футбол Олл Бойз Олл Бойз 23:00 Бүгін Сентрал Норте Сентрал Норте Лига 1 Футбол ЧФР ЧФР 23:30 Бүгін Университатя Клуж Университатя Клуж Лига 1 Футбол Сепси Сепси 23:30 Бүгін Стяуа Стяуа Лига кубогы Футбол Плимут Плимут 00:00 Ертең Эксетер Эксетер Жоғарғы дивизион Футбол Фрам Фрам 00:15 Ертең Рейкьявик Рейкьявик Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ювентус Ювентус 15:00 Ертең Палермо Палермо Лига Чемпионов АФК Футбол Пахтакор Пахтакор 20:00 Ертең Аль Хуссейн Аль Хуссейн Чемпиондар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:00 Ертең Левски Левски Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 21:00 Ертең Ларн Ларн Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 21:00 Ертең Юнион Юнион Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:00 Ертең Орхус Орхус Суперэттан Футбол Хельсингборг Хельсингборг 22:00 Ертең Вернаму Вернаму Конференциялар лигасы Футбол Аполлон Аполлон 22:00 Ертең Бранн Бранн Чемпиондар лигасы Футбол Кауно Кауно 22:00 Ертең Динамо Динамо 23 жасқа дейінгі ойыншылар чемпионаты Футбол Спортинг U23 Спортинг U23 22:00 Ертең Лейрия U23 Лейрия U23 Вторая лига Болгарии Футбол Янтра Янтра 22:00 Ертең Монтана Монтана Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА ЦСКА 22:30 Ертең Панатинаикос Панатинаикос

5 сағат бұрын

Қазақстандық пауэрлифтер Гүзәл Ергешева Англияда қайтыс болды

Қазақстандық пауэрлифтер Гүзәл Ергешева Англияда қайтыс болды

Қазақстандық пауэрлифтинг шебері Гүзәл Ергешева 8 тамызда Англияда дүниеден өтті. Ол Ұлыбританияда жолдасымен бірге тұрған.

Спортшының қайтыс болғанын оның 30 жылға жуық уақыттан бері араласқан жақын құрбысы, тележүргізуші Әдель Оразалинова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оразалинованың айтуынша, Ергешева түнде ұйықтап жатқан жерінде көз жұмған. Қайғылы жағдайдың алдында ол жолдасының туыстарымен бірге уақыт өткізіп, кейін құрбысымен жүздескен. Сол кезде спортшы күнінің жақсы өткенін айтып, алдағы жоспарларымен бөліскен.

«Ол өмірден жақындарының махаббатына бөленіп, өзін бақытты сезініп, көздеген мақсатына жеткен, жарқын әрі жаңа жоспарлары бар жан ретінде өтті», – деп жазды Оразалинова.

Қазір Гүзәл Ергешеваның туыстары оның денесін Қазақстанға жеткізуге дайындалып жатыр. Марқұмды елге әкеліп, жерлеу рәсімін ұйымдастыру көзделген.

Әдель Оразалинова Ұлыбританиядан Қазақстанға мәйіт жеткізу тәртібін білетін адамдардан кеңес сұрап, елдің консулдығымен байланыс орнатуға көмектесуді өтінді.

Гүзәл Ергешева халықаралық аренада Қазақстанның атынан өнер көрсеткен. 2017 жылы Канадада бойы аласа спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленген.


Біздің серіктес: Sport12kz