2 сағат бұрын
Астанада тұрғындар Олимпиада чемпиондарымен бірге 10 мың қадам жүрді
Астанада Спорт апталығы басталды. Елорданың жүздеген тұрғыны Ботаникалық бақта Олимпиада чемпиондары мен танымал спортшылармен бірге 10 мың қадам жүріп өтті.
Іс-шара таңғы сағат 06:00-де фитнес-жаттықтырушы Айша Баймаханованың ашық жаттығуынан басталды.
Тұрғындарға Серік Сәпиев, Дмитрий Баландин, Юрий Мельниченко, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Ислам Байрамуков және басқа да белгілі спортшылар қосылды.
Жаяу жүру барысында спортшылар қала тұрғындарымен тілдесіп, естелік суретке түсті.
Спорт апталығы Спорт күніне орай ұйымдастырылып отыр. Мереке аясында Қазақстанның барлық өңірінде 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді.
Министрлік мәліметінше, бүгінде қазақстандықтардың 44%-дан астамы дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысады. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Біздің серіктес: Sport12kz