12 сағат бұрын
Юлия Акулова волейболдан Азияның үздік төрешісі атанды
Қазақстандық төреші Юлия Акулова Азия волейбол конфедерациясы (AVC) ұйымдастырған алғашқы Gala кешінде «Жылдың үздік волейбол төрешісі» аталымын жеңіп алды.
Марапаттау рәсімі Бангкокта өтті. Акулова Азия волейболындағы үздіктер қатарынан табылып, төрешілер арасындағы ең жоғары марапаттардың біріне ие болды.
Салтанатты кеште қазақстандық төреші волейбол матчтарының жоғары деңгейде өтуіне төрешілердің қосатын үлесін атап өтті. Сондай-ақ ол әр кездесуде өз міндетін кәсіби атқарып жүрген әріптестеріне алғысын білдірді.
Юлия Акулованың бұл жетістігі Қазақстан волейболы үшін де маңызды оқиға. Ол халықаралық аренада қазақстандық төрешілердің біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Біздің серіктес: Sport12kz