11 сағат бұрын
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлет Төрехан Асанхан Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қоссайыста 269 келі көтерді. Асанхан жұлқа көтеруде 119, ал серпе көтеруде 150 келі нәтижеге қол жеткізді.
Алтын медаль Таиланд спортшысы Вича Пратхумтаға (273 кг) бұйырса, ирандық Реза Замани (268 кг) үшінші орын алды.
Айта кетейік, бұл Төрехан Асанханның халықаралық аренадағы алғашқы жарысы.
Біздің серіктес: Sport12kz