9 сағат бұрын
Астанада Спорт күніне орай дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлерінің спартакиадасы басталды
Астанада Спорт күніне орай дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлері арасында спартакиада басталды.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен 20 команда, 600-ден астам қатысушы жиналды. Олар футзал, волейбол, шахмат және тоғызқұмалақтан бақ сынайды.
Спартакиаданың ашылу рәсіміне Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Олимпиадалық емес және бұқаралық спорт басқармасының басшысы Айдос Есеналиев қатысты.
Оның айтуынша, мұндай жарыстар спорт саласының мамандарын бір ортаға жинап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға да ықпал етеді.
Спартакиада қорытындысында төрт спорт түрінен үздік командалар мен жүлдегерлер анықталады.
Біздің серіктес: Sport12kz