2 сағат бұрын
Әртістік жүзуден Виктор Друзин әлем чемпионатында қола алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада үшінші орын алды. Виктор Друзин сайыс нәтижесі бойынша 238,5317 ұпай жинады.
Ресей өкілі Захар Трофимов (241,2409 ұпай) жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Испания спортшысы Энеко Санчес Агилар (240,5016 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты бүгін, 12 тамызда басталды. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы топтық бәсекеде де техникалық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.
Еске салсақ, бүгін көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионатының жеке жаттығу сайыстары басталды.
Біздің серіктес: Sport12kz