Матч орталығы
Еуропа лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 0:5 Аяқталды Лех Лех Сегунда Футбол Реал Сосьедад 2 Реал Сосьедад 2 0:1 Аяқталды Кастельон Кастельон Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ковентри Ковентри 2:0 Аяқталды Монако Монако Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Аталанта Аталанта 1:0 Аяқталды Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Примейра-лига Футбол Спортинг Спортинг 3:2 Аяқталды Гимарайнш Гимарайнш Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 4:1 Аяқталды Беневенто Беневенто Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 17:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 18:00 Бүгін Жетісу Жетісу Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 18:00 Бүгін Реал Сосьедад Реал Сосьедад Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Бавария Бавария 18:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 19:00 Бүгін Хоффенхайм Хоффенхайм Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Лилль Лилль Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Бүгін Байер Байер Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Сандерленд Сандерленд 19:00 Бүгін Ренн Ренн Чемпионшип Футбол Сток Сток 19:00 Бүгін Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Бүгін КПР КПР Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 19:00 Бүгін Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 19:00 Бүгін Миллуолл Миллуолл Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 19:00 Бүгін Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 19:00 Бүгін Линкольн Линкольн

1 күн бұрын

Асылан Құсайынов: Құраманың басты мақсаты - Азия ойындары

Асылан Құсайынов: Құраманың басты мақсаты - Азия ойындары

Фото: Қазақстан ҰОК

Осы маусымда Қазақстан құрамасы академиялық ескек есуден бірнеше маңызды нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Олардың қатарында әлем кубогы кезеңі мен U23 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған қола медальдар бар. Енді спортшыларды жылдың басты додасы – 2026 жылғы Азия ойындары күтіп тұр. Осы жарыс алдындағы дайындыққа басымдық берген ұлттық құрама ересектер арасында әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Асылан Құсайынов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.

– Құраманың осы маусымдағы өнеріне қандай баға бересіз?

– Жалпы, осы маусымды оң бағалаймын. Біз үшін маусым сәтті өтті деуге болады. Ең бастысы, Қазақстанның академиялық есу спортында дамып келе жатқанын және біртіндеп халықаралық деңгейдің жаңа сатысына көтеріліп жатқанын көрсетті.

Спортшыларымыздың тек Азия деңгейінде ғана емес, ірі халықаралық жарыстарда да өздерін жақсы қырынан көрсете алғаны ерекше маңызды. Люцернде өткен әлем кубогы кезеңінде Мария Чернец пен Екатерина Носкованың қола медаль иеленуі, сондай-ақ, Артём Матусевичтің U23 әлем чемпионатындағы қола медалі – спортшылардың, жаттықтырушылардың және бүкіл команданың атқарған ауқымды жұмысының нәтижесі.

– Артём Матусевич ел тарихында айтулы нәтижеге қол жеткізді. Оның жетістігін бағалау қиын шығар?

– Бұл Қазақстан үшін шынымен де тарихи нәтиже. Артём жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Біздегі академиялық ескек есу спорты үшін бұл – өте маңызды жетістік.

Бұл біз үшін жай ғана жүлде емес, қазақстандық ескекшілердің әлемнің үздіктерімен тайталаса алатынын дәлелдеген маңызды жетістік. Бұл бүкіл командамызға және жас спортшыларға қосымша мотивация береді деп үміттенемін.

– Оның алдағы мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз? Әлеуеті қаншалықты жоғары?

– Артёмның әлеуеті өте жоғары. Ол әлі жас болғанымен, ірі халықаралық жарыстарға қатысып, мол тәжірибе жинады. Сонымен қатар жүлдеге таласу үшін не қажет екенін жақсы біледі.

Әрине, әлі де жетілдіретін тұстарымыз бар. Дене дайындығын күшейтіп, техника мен тактиканы жетілдіруіміз керек. Жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетуге де көңіл бөлеміз. Дұрыс дайындықтың арқасында Артём алдағы уақытта халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға таласа алады деп ойлаймын.

– Жақында біздің ескекшілеріміз U19 әлем чемпионатында В финалына дейін жетті…


– Иә, бұл да біз үшін маңызды нәтиже. Жастар құрамасымен жұмыс істеу – біз үшін маңызды бағыттардың бірі. Себебі ұлттық құраманың болашағын қалыптастыратын спортшылар осы буыннан шығады.


U19 әлем чемпионаты жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе болды. Сонымен қатар жастар үшін әлемдік жарыстардың деңгейін сезініп, алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсіну маңызды.

– Тамыз айында ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Оған біздің құрама қатыса ма?

– Биыл ересектер арасында әлем чемпионатына бармаймыз. Биыл басты назарымызды маусымның ең маңызды додасы – Азия ойындарына дайындыққа аударуды жөн көрдік.

Қазір команда жоспар бойынша дайындалып жатыр. Ал соңғы оқу-жаттығу жиынында басты назар спортшыларды Азия ойындарына барынша жақсы дайындауға аударылады. Бірнеше ірі жарысқа қатар дайындалмай, күш-қуатты дұрыс пайдалану қажет.

Қазір Азия ойындарына басымдық беріп отырмыз. Сондықтан қазір жаттықтырушылар штабы мен спортшылардың бар назары осы додаға бағытталған.

– Маусымның қалған бөлігінде құраманың алдына қандай негізгі міндеттер қойылып отыр?

– Негізгі мақсатымыз – Азия ойындарына жақсы дайындалып, жарыс кезінде спортшылардың бабында болуын қамтамасыз ету. Сол себепті биыл әлем чемпионатына бармай, бар күшімізді Азия ойындарына дайындыққа жұмсауды шештік.

Қазір соңғы оқу-жаттығу жиынын барынша тиімді өткізуге, дайындықтағы кемшіліктерді түзетуге және спортшылардың дене дайындығы мен жарыс тактикасын жетілдіруге көңіл бөліп отырмыз.

Алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Азия ойындарында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға таласқымыз келеді. Біз үшін жүлде алу ғана емес, жарыста жақсы өнер көрсетіп, мықты қарсыластармен тең дәрежеде бәсекелесу де маңызды.

Ескке салсақ, ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды



Біздің серіктес: Sport12kz