6 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева Cairns Cup турнирінде екінші орынға көтерілді
АҚШ-та өтіп жатқан Cairns Cup 2026 шахмат турнирінде Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық шахматшы төртінші турда Швейцария атынан сынға түсіп жүрген Александра Костенюкті ақ фигуралармен жеңді. Бұған дейінгі үш партиясын тең аяқтаған Бибісара Асаубаева төрт турдан кейін 2,5 ұпай жинады.
Осы нәтиже оған турнир кестесінде екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Көш басында 3,5 ұпайы бар қытайлық Тань Чжунъи келеді.
Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.
Біздің серіктес: Sport12kz