14 сағат бұрын

Астанада Спорт күніне орай ауқымды ашық жаттығу өтті

Астанада Спорт күніне орай ауқымды ашық жаттығу өтті

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Астанадағы Триатлон саябағында Спорт күні қарсаңында «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған ауқымды ашық жаттығу өтті деп хабарлайды Sport12.kz.

Спортшыларды, спорт федерацияларының өкілдерін, жастар мен елорда тұрғындарын бір алаңға жинаған шараға 500-ден астам адам қатысты.

Іс-шараға Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының бас хатшысы Арал Садықов, Бас хатшы кеңесшісі Асылхан Төлепов, сондай-ақ партия өкілдері қатысты.

Спорттық бағдарламаны «Jitae» таеквондо демонстрациялық командасы әсерлі қойылыммен ашты. Команда мүшелері таеквондоның түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, көпшілікке спорттың техникалық шеберлігі мен көркемдігін паш етті.

Мұндай бастамалар бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, жастарды салауатты әрі белсенді өмір салтына тартуға мүмкіндік береді.


Біздің серіктес: Sport12kz