3 сағат бұрын
Ақмарал Ерекешева алғашқы әлем чемпионатын .здік ондықта аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты мәресіне жетт, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лос-Анджелес Олимпиадасының алғашқы лицензиясы үлестірілген әлем чемпионатында жеке жаттығудан 73 елден 102 спортшы сынға түссе, топтық жаттығуда 42 елдің өкілдері жүлдеге таласты.
Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы дебютті жаһандық додасында көпшілікті таңғалдыра білді.
Отандасымыз көпсайыстың финалында мансабындағы ең көп 116.000 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша ол Азия құрлығынан қатысқан спортшылардың арасынан үздік болды.
Жарыстың шешуші күнінде Ақмарал Ерекешева ұршық сайысында 29.400 ұпаймен ТОП-5-ке енсе, таспа сайысында 27.350 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.
Ал топтық жаттығуда аруларымыз 13-орынды иеленіп, 2025 жылға қарағанда (17-орын) көрсеткішін жақсарта алды.
Енді отандастарымыз келесі айда 2026 жылдың басты спорттық додасы саналатын Азия ойындарына қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz