3 сағат бұрын

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеті алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеті алтын медаль жеңіп алды

Ташкентте (Өзбекстан) жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан 2026 жылғы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы жарысты жеті алтын, екі күміс және алты қола медальмен қорытындылады.

Жасөспірімдер арасында Снежана Кашкарова, Ксения Прозорова, Бейбарыс Ерсейіт және Нұржан Жұмабай алтын медаль жеңіп алды. Торехан Асанхан күміс жүлдеге ие болса, Нұрсыйла Берікбол мен Софья Шешукова қола медаль алды.

Жастар арасында Снежана Кашкарова, Аянат Жұмағали және Ақжол Құрманбек өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды. Софья Шешукова күміс медаль иеленсе, Бейбарыс Ерсейіт, Ерасыл Саулебеков және Алихан Аскербай қола жүлдеге қол жеткізді.



Біздің серіктес: Sport12kz