17 сағат бұрын
Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатындағы дебютінде үздік бестікке енді
Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.
Спортшы ересектер арасындағы алғашқы әлем біріншілігінде екі жаттығудың финалына жолдама алған. Ол ұршықпен орындалатын бағдарламада 29,400 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.
Ал таспамен орындалған жаттығудың қорытындысында қазақстандық гимнаст 27,350 ұпай алып, сегізінші нәтиже көрсетті.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатында екі финалға қатысып, жүлдеге бір табан жақын қалды.
Бұған дейін ол жекелей көпсайыс финалында 115,800 ұпай жинап, алтыншы орын иеленген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz