16 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды
Будапеште (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты екі күміс және екі қола медальмен қорытындылады.
Еркін бағдарламада Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада екінші орын алып, тағы бір күміс медаль жеңіп алды.
Ал Виктор Друзин техникалық және еркін бағдарламаларда қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты.
Медальдар кестесінде Ресей құрамасы тоғыз алтын және бір қола медальмен бірінші орын алды. Испания екінші, Қытай үшінші сатыға орналасты.
Біздің серіктес: Sport12kz