14 сағат бұрын

Қазақстандық самбошылар халықаралық жарыста 10 медаль жеңіп алды

Қазақстандық самбошылар халықаралық жарыста 10 медаль жеңіп алды

Мәскеуде әскери қызметшілер арасында самбодан халықаралық турнир өтті. Оған 18 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орын алды.

Қазақстан сапынан 11 спортшы жарысқа қатысты. Олар 10 медаль жеңіп алды: үш алтын және жеті күміс.

Алтын жүлдені 58 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Нариманов, 64 келіде Жандос Бейсенбаев және 71 келіде Арнұр Қуатай иеленді.

Күміс медальға Нұрсейіт Санжар (79 келіге дейін), Мұхаметжан Жұман (88 келіге дейін) және Болат Сапар (98 келіден жоғары) қол жеткізді.

Әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (50 келіге дейін), Санат Байғараева (54 келіге дейін), Роза Нысантайқызы (72 келіге дейін) және Зәмзәгүл Файзолланова (80 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Командалық есепте Ресей құрамасы жеңімпаз атанса, Қазақстан екінші, Иран үшінші орынға жайғасты.

Бұл — әскери қызметшілер арасында самбодан ұйымдастырылған алғашқы халықаралық турнир. Қазақстан құрамасы жарысты жүлделі екінші орынмен аяқтады.


Біздің серіктес: Sport12kz