5 сағат бұрын
Қазақстандық таеквондошы Пәкістандағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан таеквондодан President Cup халықаралық турнирінде үшінші медалін иеленді.
Ерлер арасында 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Азим Ниязов жарыстың қола жүлдегері атанды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілдері Нұрай Бауржанова мен Рита Бәкішева да 49 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған еді.
Халықаралық турнир 20 тамызда аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz