Матч орталығы
Еуропа лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:00 Бүгін Андерлехт Андерлехт Еуропа лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 21:00 Бүгін Зальцбург Зальцбург Конференциялар лигасы Футбол Интер Интер 21:00 Бүгін Копенгаген Копенгаген Еуропа лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 22:00 Бүгін Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 22:00 Бүгін Тун Тун Еуропа лигасы Футбол Крайова Крайова 22:00 Бүгін Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Кауно Кауно Еуропа лигасы Футбол Трабзонспор Трабзонспор 22:00 Бүгін Ференцварош Ференцварош Конференциялар лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 22:00 Бүгін Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Нордшелланд Нордшелланд 22:00 Бүгін Санкт Галлен Санкт Галлен Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 22:00 Бүгін Брайтон Брайтон Конференциялар лигасы Футбол Мидтьюлланд Мидтьюлланд 22:00 Бүгін Риека Риека Конференциялар лигасы Футбол ПАОК ПАОК 22:45 Бүгін Бранн Бранн Еуропа лигасы Футбол Црвена Звезда Црвена Звезда 23:00 Бүгін Виктория Виктория Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 23:00 Бүгін ЦСКА София ЦСКА София Еуропа лигасы Футбол Сент Труйден Сент Труйден 23:00 Бүгін Омония Омония Конференциялар лигасы Футбол Викингур Викингур 23:00 Бүгін Борац Борац Конференциялар лигасы Футбол Гурник Гурник 23:00 Бүгін Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Твенте Твенте 23:00 Бүгін Қарабақ Қарабақ Конференциялар лигасы Футбол Дрита Дрита 23:00 Бүгін Интер Эскальдес Интер Эскальдес

2 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева Cairns Cup турнирінде жүлдеге ілікті

Бибісара Асаубаева Cairns Cup турнирінде жүлдеге ілікті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен Cairns Cup-2026 супертурнирін үшінші орынмен аяқтады.

Соңғы, тоғызыншы турда отандасымыз үндістандық Хампи Конеруге қарсы ойнап, партияны тең нәтижемен аяқтады. Асаубаева бұл кездесуде ақ фигураларды қолданды.

Осылайша қазақстандық шахматшының қоржынына 5 ұпай түсті. Бұл нәтиже оған жарыстың қола жүлдесін алуға мүмкіндік берді. Үшінші орын үшін Асаубаеваға америкалық Кларисса Ип те бәсекелес болды. Екі шахматшының ұпайы бірдей болғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Бибісара жоғары орналасты.

Қазақстандық шахматшы жүлдесі ретінде 35 мың АҚШ долларын иеленді.

Cairns Cup-2026 жарысының жеңімпазы Қытай өкілі Тань Чжунъи болды. Ол 6,5 ұпай жинап, 65 мың долларлық бас жүлдені қанжығалады. Екінші орынға 6 ұпаймен америкалық Элис Ли жайғасты. Оның сыйақысы — 50 мың доллар.

Cairns Cup-2026 қорытындысы:

1. Тань Чжунъи (Қытай) — 6,5 ұпай, $65 000

2. Элис Ли (АҚШ) — 6 ұпай, $50 000

3. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 5 ұпай, $35 000

4. Кларисса Ип (АҚШ) — 5 ұпай, $35 000

5. Анна Музычук (Украина) — 4,5 ұпай, $13 667

6. Дивья Дешмукх (Үндістан) — 4,5 ұпай, $13 667

7. Ставрула Цолакиду (Грекия) — 4,5 ұпай, $13 667

8. Хампи Конеру (Үндістан) — 3,5 ұпай, $9 000

9. Александра Костенюк (Швейцария) — 3 ұпай, $8 000

10. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) — 2,5 ұпай, $7 000

Жарыстың жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрады.


Біздің серіктес: Sport12kz