Матч орталығы
Бірінші лига Футбол Тұран Тұран 20:00 Бүгін Қайрат Ж Қайрат Ж Жолдастық кездесулер, клубтар Хоккей Ред Булл Ред Булл 22:30 Бүгін Зальцбург Зальцбург Премьер-Лига Футбол Сараево Сараево 23:00 Бүгін БСК Баня-Лука БСК Баня-Лука Про-Лига Футбол Аль-Кадисия Аль-Кадисия 23:00 Бүгін Аль Иттихад Аль Иттихад Серия Б Футбол Виченца Виченца 23:30 Бүгін Катанзаро Катанзаро Бірінші лига Футбол Фатих Карагюмрюк Фатих Карагюмрюк 23:30 Бүгін Бурсаспор Бурсаспор Суперлига Футбол Эрзурумспор Эрзурумспор 23:30 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Марсель Марсель 23:45 Бүгін Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Бетис Бетис 00:00 Ертең Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Ертең Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Ертең Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Ертең Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Ертең Кристал Пэлас Кристал Пэлас Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 20:00 Ертең Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 21:30 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 22:30 Ертең Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 23:15 Ертең Спартак Варна Спартак Варна Суперкубок Германии Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Ертең Бавария Бавария Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 23:30 Ертең Базель Базель Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 23:45 Ертең Брест Брест

19 сағат бұрын

Елордалық шабандоздар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алды

Елордалық шабандоздар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алды

Алматыдағы Орталық ипподромда бәйге түрлерінен Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Жарыста елордалық спортшылар жорға жарыстан 9 шақырымдық қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, алтын және күміс жүлдені иеленді.

Бәсеке қорытындысында «Экспресс Лок» атты сәйгүлік бірінші болып мәреге жетіп, жеңімпаз атанды. Ал «Каратал» екінші орынға жайғасты. Жорға жарысына барлығы тоғызға жуық спортшы қатысты.

Жарыста 13 жастағы жас шабандоз да жақсы нәтиже көрсетті. Командаға жақында қосылғанына қарамастан, ол алғашқы жарыстарының бірінде-ақ жүлдеге ілігіп, екінші орын алды.

Жаттықтырушы әрі чемпион Алия Тоқтасынованың айтуынша, бұл жарыстың команда үшін маңызы ерекше болған.

«Бұл біз үшін аса маңызды жарыс болды. 9 шақырымдық қашықтықта сынға түсіп, бірінші және екінші орындарды иелендік. Әсіресе, 13 жастағы жас шабандозымыздың нәтижесі қуантады. Ол командамызға жақында ғана қосылғанына қарамастан, жақсы нәтиже көрсетті. Осы жетістіктің арқасында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алдық. Ендігі басты мақсатымыз – тыңғылықты дайындалып, алдағы додада Астана мен Қазақстанның намысын абыроймен қорғау», – деді Алия Тоқтасынова.

Елордалық команда келесі жарысын 29 тамызда Алматыдағы Nomad Arena ипподромында өткізеді. Бұл жолы спортшылар жорға жарыстан 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды.

Одан кейін команда Қырғызстанға аттанып, 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады. Байрақты бәсекеде елордалық шабандоздар жорға жарыстан 11 шақырымдық қашықтықта сынға түседі.


Біздің серіктес: Sport12kz