Матч орталығы
Бірінші лига Футбол Тұран Тұран 20:00 Бүгін Қайрат Ж Қайрат Ж Жолдастық кездесулер, клубтар Хоккей Ред Булл Ред Булл 22:30 Бүгін Зальцбург Зальцбург Премьер-Лига Футбол Сараево Сараево 23:00 Бүгін БСК Баня-Лука БСК Баня-Лука Про-Лига Футбол Аль-Кадисия Аль-Кадисия 23:00 Бүгін Аль Иттихад Аль Иттихад Серия Б Футбол Виченца Виченца 23:30 Бүгін Катанзаро Катанзаро Бірінші лига Футбол Фатих Карагюмрюк Фатих Карагюмрюк 23:30 Бүгін Бурсаспор Бурсаспор Суперлига Футбол Эрзурумспор Эрзурумспор 23:30 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Марсель Марсель 23:45 Бүгін Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Бетис Бетис 00:00 Ертең Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Ертең Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Ертең Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Ертең Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Ертең Кристал Пэлас Кристал Пэлас Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 20:00 Ертең Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 21:30 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 22:30 Ертең Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 23:15 Ертең Спартак Варна Спартак Варна Суперкубок Германии Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Ертең Бавария Бавария Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 23:30 Ертең Базель Базель Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 23:45 Ертең Брест Брест

19 сағат бұрын

Астанада муайтайдан халықаралық шеберлік сағаты өтіп жатыр

Астанада муайтайдан халықаралық шеберлік сағаты өтіп жатыр

Қазақ ұлттық спорт университетінде Қазақстан мен Таиланд спортшылары мен жаттықтырушыларын біріктірген муайтайдан халықаралық шеберлік сағаты басталды.

Үш күнге жоспарланған шараға Таиландтан келген чемпиондар мен тәжірибелі мамандар қатысып, қазақстандық спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізеді. Бағдарламада практикалық жаттығулармен қатар, муайтайдың дәстүрі мен мәдениетін таныстыруға арналған кездесулер де бар.

Іс-шараның ашылуына Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Пияпин Нийомреркс, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және KNUS ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева қатысты.

«Қазақстанда муайтайды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстанның муайтай федерациясы 1998 жылдан бері елімізде осы спорт түрін жүйелі түрде дамытып келеді. Қазақстандық муайтай мектебінің жоғары деңгейі спортшыларымыздың нәтижелерімен де дәлелденіп отыр. Қазақстанның ұлттық құрамасы әлемдегі муайтайдан жетекші бес құраманың қатарына тұрақты түрде кіреді», – деді Серік Жарасбаев.

Шеберлік сағаты аясында қатысушылар тәжірибелі нұсқаушылардан жаттығу әдістерін үйреніп, чемпиондармен кездеседі. Сондай-ақ «Вай Кру» рәсімі мен дәстүрлі «Муай Боран» өнерінің ерекшеліктерімен танысады.

Шара Қазақстан мен Таиланд арасындағы спорттық әрі мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.


Біздің серіктес: Sport12kz