14 сағат бұрын
Шахматшы Бибісара Ассаубаева Cairns Cup 2026 турнирінің қола жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін АҚШ-тың Сент-Луис қаласында әлемнің үздік шахматшылары бас қосқан беделді Cairns Cup турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл мықты 10 шахматшы қатысқан додада Қазақстан намысын гроссмейстер Бибісара Ассаубаева қорғады. Отандасымыз турнирдегі 9 турдан кейін 5 ұпай жинап, 3-орынға ие болды.
Жүлдегерлер:
1. Тан Чжунъи (Қытай) 6,5 ұпай
2. Элис Ли (АҚШ) 6 ұпай
3. Бибісара Ассаубаева (Қазақстан) 5 ұпай.
Сонымен қатар Асаубаева жүлделі орны үшін ұйымдастырушылардан сыйақы ретінде 35 мың АҚШ долларын алады.
Еске салсақ, бұдан бұрын тректегі велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz