1 сағат бұрын
Құзға өрмелеуден Қытайдағы Әлем кубогына кімдер қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz
Аталған бәсекеде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың тізімі келесідей: Әлихан Татамбай, Анна Баларшина, Арина Новицкая.
Отандастарымыз "жылдамдық" дисциплинасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ жекелей және эстафеталық сайыстарда сынға түседі.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz