23 сағат бұрын

Белгілі бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров өз таңдауын жасады

Белгілі бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров өз таңдауын жасады

Бүгін, 23 тамызда, ММА шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №1058 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Sport12.kz

Нұрсұлтан Орынбасаров – С.Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубының негізін қалаушы, грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Спортшы жеңістің артында тәртіп, табандылық пен жауапкершілік тұрғаны секілді, ел болашағына қатысты маңызды қадамдарда да азаматтық жауапкершіліктің орны ерекше екенін айтты.

«Спортта біз әрдайым еліміздің абыройын биік қоюға тырысамыз. Елдің болашағы, бірлігі мен тұрақтылығы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел дамуына өз үлесін қосуы маңызды», – деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Дауыс бергеннен кейін спортшы тұрғындарды бірлік пен ынтымақты сақтап, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.


Біздің серіктес: Sport12kz