1 күн бұрын
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын таеквондошылар белгілі болды
Қытайда әйелдер арасында таеквондодан ашық әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан тоғыз спортшы алты салмақта сынға түседі.
46 келіге дейінгі салмақта ел намысын Айдана Құмартаева, Жәнел Сұлтанғалиева және Тоғжан Өмірзақ қорғайды.
49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Әдел Жанділдинова татамиге шығады.
Ал қалған спортшылар жеке салмақта өнер көрсетеді. Атап айтқанда, 57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова, 62 келіде Айша Әділбекқызы, 67 келіде Аружан Найманбаева, 73 келіде Нұрай Құсайынова жүлдеге таласады.
Қазақстандық таеквондошылар жарыста ел қоржынына жүлде салуға тырысады.
Біздің серіктес: Sport12kz