Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол КуПС КуПС 20:00 Бүгін Шемрок Шемрок Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:00 Бүгін Крайова Крайова Еуропа лигасы Футбол Тун Тун 21:00 Бүгін Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 21:00 Бүгін Ягеллония Ягеллония Конференциялар лигасы Футбол Маккаби Маккаби 21:00 Бүгін Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 21:00 Бүгін Рейнджерс Рейнджерс Конференциялар лигасы Футбол Қарабақ Қарабақ 21:00 Бүгін Твенте Твенте Конференциялар лигасы Футбол Монако Монако 21:45 Бүгін Гурник Гурник Конференциялар лигасы Футбол Фрайбург Фрайбург 21:45 Бүгін Мотеруэлл Мотеруэлл Конференциялар лигасы Футбол Копенгаген Копенгаген 22:00 Бүгін Интер Интер Конференциялар лигасы Футбол Градец Градец 22:00 Бүгін Панатинаикос Панатинаикос Конференциялар лигасы Футбол Бранн Бранн 22:00 Бүгін ПАОК ПАОК Конференциялар лигасы Футбол Интер Эскальдес Интер Эскальдес 22:00 Бүгін Дрита Дрита Конференциялар лигасы Футбол Рига Рига 22:00 Бүгін Клаксвик Клаксвик Еуропа лигасы Футбол Кауно Кауно 22:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 22:00 Бүгін Мьельбю Мьельбю Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 22:00 Бүгін Сент Труйден Сент Труйден Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 22:00 Бүгін Црвена Звезда Црвена Звезда Еуропа лигасы Футбол Лиллестрем Лиллестрем 22:00 Бүгін Эгнатия Эгнатия Конференциялар лигасы Футбол Ракув Ракув 22:00 Бүгін Хайдук Хайдук

2 күн бұрын

Қазақстандық 15 ескек есуші әлем чемпионатында бақ сынайды

Қазақстандық 15 ескек есуші әлем чемпионатында бақ сынайды

25-30 тамыз аралығында Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы жарысқа 15 спортшымен қатысады.

Бұл дода қазақстандық ескек есушілер үшін маңызды жарыстардың бірі. Себебі чемпионат Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындары қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі. Сонымен қатар спортшылар Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қажетті рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.

Қазақстан құрамасында байдарка бағдарламасында 11 спортшы өнер көрсетеді. Олар: Бекарыс Раматулла, Дмитрий Холмогоров, Артём Терещенко, Игорь Ряшенцев, Жахонгир Жамедов, Денис Кленин, Эвелина Костенко, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелёва, Стелла Суханова және Татьяна Гладкова.

Каноэ бағдарламасында Қазақстан намысын Мария Бровкова, Ульяна Киселёва, Сергей Емельянов және Тимофей Емельянов қорғайды.

«Әлем чемпионаты қарсаңында біз командамен осында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Қазір спортшылардың бабына келіп, жарысқа қатысуына көңіл бөліп жатырмыз. Ұлттық құрамада тәжірибелі ескек есушілер, әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері бар. Сондай-ақ бірнеше жас спортшыға мүмкіндік беріп, негізгі құрамға тартып келеміз. Мысалы, Татьяна Гладкова үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болады. Ол маусым айында Түркістанда өткен Азия чемпионатында бәсекеге қабілетті екенін аңғартты. Бапкерлер құрамы ақылдаса келе бірлесіп шешім қабылдадық»,- деді құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов.

Биыл 51-рет ұйымдастырылатын әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында 24 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Оның 12-сі каноэ, 12-сі байдарка бағдарламасына тиесілі. Бұл жолы аралас жұптық жарыстар бағдарламаға енгізілмеген.

Айта кетейік, Познань қаласы бұған дейін байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионатын 2010 жылы қабылдаған.


Біздің серіктес: Sport12kz