2 күн бұрын
Ақмола облысының таеквондо (WT) федерациясының президенті сайланды
Николай Боровинский Ақмола облысының таеквондо (WT) федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиевтің тапсырмасы бойынша өңірлік федерация басшыларын сайлау жұмыстары жалғасуда.
Бүгін Федерацияның Бас хатшысы Арал Садыков Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына іссапармен барып, облыстық федерация президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты.
Айта кетейік, өңірлерде федерация басшыларын сайлау әр аймақтың сұранысына бойынша жүзеге асырылуда.
Сайлау қорытындысы бойынша Ақмола облысының таеквондо (WT) федерациясының президенті болып Николай Юрьевич Боровинский сайланды.
Біздің серіктес: Sport12kz