1 күн бұрын
Қазақстандық спортшылар ӘЧ-да үш үздік нәтиже тіркеді
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында эстафеталық жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов өнер көрсетіп, жетінші орын алды.
Әйелдер эстафетасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар Қазақстан аралас эстафетаға да қатысты. Кирилл Стадник пен Ярославна Понер жарысты тоғызыншы орында аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы эстафеталық жарыстарда үш рет үздік ондыққа кірді.
Енді әлем чемпионатында жеке жарыстар басталды.
Біздің серіктес: Sport12kz