1 күн бұрын
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы жарыста екі қола медаль жеңіп алды. U-19 жас санатындағы әйелдер эстафетасында қазақстандық спортшылар үшінші орынға ие болды. Ал екінші қоланы U-17 санатындағы ерлер құрамасы эстафетадан еншіледі.
Жеке жарыстарда да қазақстандық спортшылар бақ сынады. U-19 санатындағы боулдерингте Қымсан Цой 20-орын, Глеб Семешкин 26-орын, Евгений Ким 27-орын алды. Қыздар арасында Лейла Геккеева, Виктория Ильницкая және Амира Қайсар 19-орынды бөлісті.
«Жылдамдық» бағдарламасында Роман Курасов 9-орын, Рашид Хайбуллин 10-орын, Алихан Татамбай 11-орын иеленді. Әйелдер арасында Алина Львова ширек финалға дейін жетіп, 8-орынмен аяқтады.
U-17 санатында да қазақстандықтар бірнеше дисциплинада өнер көрсетті. Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады.
Біздің серіктес: Sport12kz