23 сағат бұрын
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Грекияда жаттығып жатыр
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Жазғы Азия ойындарына дайындықты Грекияда жалғастырып жатыр.
Ұлттық құрама 20-30 тамыз аралығында Афина қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Дайындық барысында қазақстандық су добы шеберлері жергілікті клубтармен жолдастық матчтар өткізеді. Олардың қатарында «Глифада» мен «Олимпиакос» командалары бар.
Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы Жапония, Қытай, Сингапур, Таиланд және Өзбекстан құрамаларына қарсы ойнайды. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz