23 сағат бұрын
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына дайындалып жатыр
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарына әзірлігін Алматыда жалғастырып жатыр.
Марина Пикалова баптайтын ұлттық құрама 15-27 тамыз аралығында Достық спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаттығу жұмыстарына 20 гандболшы қатысып жатыр.
Команда қыркүйектің басында Алматыда қайта жиналып, Азия ойындары алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтайды. Ал 17 қыркүйекте қазақстандық гандболшылар Жапонияға жол тартады.
Азия ойындарының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Гонконг, Өзбекстан және Вьетнам командаларымен сынға түседі.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында бұған дейін үш рет жүлде алған. Команда 2002 және 2006 жылдары күміс медаль иеленсе, 2014 жылғы бәсекеде қола жүлдеге қол жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz